Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Легионер Начын Куулар Қазақстан кубогында жеңімпаз атанды

25.05.2025, 22:19

Былтыр ол ел чемпионатында жеңіп тұрып, төрешілер жеңісті қарсыласына берген еді

Легионер Начын Куулар Қазақстан кубогында жеңімпаз атанды
Қазақстан күрес федерациясы

Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан кубогында 65 келі салмақта Шымкент қаласының атынан күресетін ресейлік легионер Начын Куулар топ жарды. Финалда ол Париж Олимпиадасының қатысушысы Мейрамбек Қартбайды жеңді. 

Куулар осымен екінші рет ел кубогында жеңіске жетіп отыр. 2024 жылдың аяғында өткен жарыста ол 70 келі салмақта жеңімпаз атанған. Одан кейін осы салмақта бірінші номерлі балуан ретінде Албаниядағы рейтингтік турнир мен Иорданиядағы Азия чемпионатына қатысқан. Алайда, екі жарыста да алғашқы айналымда жеңіліп қалды.

Енді міне 65 келіде топ жарып, осы салмақтың 1-нөмерлі балуаны атанды. Осы жеңістен соң ол әлем чемпионатына қатысады.

Айта кетейік, Начын Куулар былтыр күзде Тараздағы ел кубогында жеңімпаз атанып, 70 келіде тағы да Қазақстанның бірінші нөмерлі балуаны атанған.

29 жастағы тывалық балуан 2024 жылы Қазақстан азаматтығын алған. Сол жылы 65 келіде ел чемпионатына қатысып, төрешілердің бұра тартуымен финалға шыға алмаған болатын. Одан кейін қола жүлде үшін күресіп, чемпионатты 3-орынмен аяқтаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам