
Ресейлік легионер Начын Куулар осымен екінші жыл қатарынан кубок иегері атанды
Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде күрес түрлерінен Қазақстан кубогында алғашқы жеңімпаздардың есімі белгілі болды. Еркін күресте бес салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынып, Әлішер Ерғали жаңа салмақта ел кубогының иегері атанды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
57 келі
Финалда Жамбыл облысының балуаны Әділет Әлмұхамедов астаналық Абзал Өкеновті 9:7 есебімен жеңіп, чемпион атанды.
Үшінші орын үшін кездесулерде Вагиф Гасанов (Алматы облысы) Рахат Қалжаннан автоматты жеңіске жетсе, Батыс Қазақстан облысының спортшысы Дәулет Әмірхан өз жерлесі Дәурен Әмірханды 10:0 есебімен жеңді.
65 келі
Финалда Шымкент қаласының атынан күресетін легионер Начын Куулар Ақтөбе облысының балуаны Мейрамбек Қартбайды 7:6 есебімен жеңді. Қола жүлде үшін белдесулерде Бекзат Сыбанбай (Шымкент) Санжар Мұхтарды (Жамбыл облысы) 5:4 есебімен, Шерхан Әбіл (Алматы) Әділхан Абайұлын (Ақтөбе) 2:1 есебімен басым түсті.
86 келі
Атырау облысының спортшысы Болат Сақаев финалда Нұржан Исағалиевті (БҚО) 6:5 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды.
Қола үшін кездесулерде Нұрсұлтан Әбдіхалық (Алматы) Мұханбет Мәмбетовті (Маңғыстау) 9:5, Бибарыс Нұрыллаұлы (Ақтөбе) Санат Қайыргелдіні (Маңғыстау) 3:1 есебімен қапы қалдырды.
97 келі
Астана қаласының балуаны Бекзат Үркімбай финалда жерлесі Рустам Экажевті 2:1 есебімен ұтты. Үшінші орын үшін болған кездесулерде Нұрдәулет Бекенов (ШҚО) Асылбек Сарсеновті (Шымкент) 11:0, Әкежан Айтбеков (Жетісу) Магомед Халиковті (Қарағанды) 10:0 есебімен жеңді.
125 келі
Жамбыл облысының балуаны Әлішер Ерғали финалда Нұрсұлтан Азовты (Ақмола облысы) 2:1 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды.
Ал қола жүлде үшін кездесулерде Серік Бақытханов (Қарағанды) Омархан Надировті (Астана) 9:6, Әлихан Құсайынов (Қарағанды) Мұрагер Маутқановты (Шымкент) 10:0 есебімен жеңіп, өз мүмкіндігін толық көрсетті.