Қазақстан кубогында егіз балуандар қола жүлде үшін күресті

26.05.2025, 16:30

Дәурен өзінің сыңары Дәулетке аса қарсылық танытпады

Қазақстан кубогында егіз балуандар қола жүлде үшін күресті
Видеодан кадр

Күрес түрлерінен Қазақстан кубогында егіз балуандар өзара қола жүлде үшін белдесті. Елордада әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құраманы іріктеу мақсатында өтіп жатқан жарыста еркін күрестен 57 келіде Дәулет Әмірхан мен Дәурен Әмірхан үшінші орын үшін бозкілемде кездесті.

Батыс Қазақстан облысының балуандарының бұл кездесуі көпшілік үшін қызыққа толы болды деуге болады. Себебі, Дәурен өзінің сыңары Дәулетке аса қарсылық танытпады. Дәулет белдесу барысында бірден аяққа өтіп, қарсыласын үздіксіз айналдырып, бірден 10 ұпайды еншіледі.

«Кейінгі жарыстардың көпшілігінде өзара кездесіп қалып жатырмыз. Інім маған жолын беріп, қола жүлдені еншіледім. Әрине, ыңғайсыздау болды. Бірақ әлем чемпионатына іріктеу болған соң, екеуміз де 57 келіде күресуге шешім қабылдадық. Әйтпесе Дәурен 2024 жылы Қазақстан чемпионатында 61 келіде қола жүлдегер атанған еді. Алдағы уақытта ол 61 келіде белдеседі», - деді Дәулет Әмірхан.

Ел кубогында бұған дейін еркін күрестен 5 салмақта жеңімпаздар есімі белгілі болды. Олардың арасында тараздық Әлішер Ерғали 125 келіде чемпион атанса, Шымкент қаласының атынан күресетін ресейлік легионер Начын Куулар 65келіде топ жарды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам