Астанада Тоқаевтың сүйікті спорты бойынша әлем чемпионаты өтеді

27.05.2025, 20:43

АҚШ-пен үміткерлер қатарынан шығып қалып, Қазақстан көбірек дауыс жинады

Астанада Тоқаевтың сүйікті спорты бойынша әлем чемпионаты өтеді
Ақорда

Астана 2027 жылы үстел теннисінен әлем чемпионатын қабылдайтын болды.

Бүгін Катарда Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) Бас ассамблеясында 2027, 2028 және 2029 жылдардағы әлем чемпионаттарын өткізетін елдер анықталды.

Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша АҚШ ең аз дауыс жинап, екінші кезеңге Қазақстан мен Франция өтті.

Қорытынды дауыс беру нәтижесі төмендегідей:

  • Қазақстан — 54,68 %
  • Франция — 45,32 %

Айта кетейік, еліміз алғаш рет үстел теннисінен әлемдік басты турнирді қабылдайтын болады.

Алдағы әлем чемпионаттарын өткізетін елдер:

  • 2027 – Қазақстан (Астана)
  • 2028 – Жапония (Фукуока)
  • 2029 – Бразилия (Рио-де-Жанейро).

Еске салсақ, былтыр үстел теннисінен Астанада Азия чемпионаты өткен. Марапаттау рәсіміне ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан. Ол бұрындары спорттың осы түрі бойынша Қазақстанда федерацияны басқарған. Өзі де әлі күнге үстел теннисін ойнап тұрады.

Бұған дейін Тоқаев президент болғалы Қазақстанның барлық ірі қаласында үстел теннисіне арналған ірі кешендердің салынғандығы туралы жазған болатынбыз.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам