Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

UFC-дің бұрынғы чемпионы қамауға алынды

28.05.2025, 10:23

Пенн UFC-де соңғы рет 2010 жылы жеңіске жеткен

UFC-дің бұрынғы чемпионы қамауға алынды
fighttime.ru

UFC-дің екі салмақ дәрежесінде бұрынғы чемпионы Би-Джей Пенн тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Оқиға 25 мамырда Гавайи штатының Хило қаласында тіркелді.

Пенн бастапқыда жергілікті уақытша ұстау изоляторына жеткізіліп, кейін 2000 доллар кепілдікпен босатылған. Енді 46 жастағы спортшы сот алдында жауап береді.

Спортшы Instagram парақшасында тұтқындалу сәтінен видео жариялады. Бейнежазбада полицейлер төсек үстінде жатқан спортшыны бөлмеден шығарып жатқан сәті бейнеленген.

АҚШ медиасының мәліметінше, Пенн соңғы жылдары бірнеше даулы оқиғаға байланысты құқық қорғау органдарының назарына жиі түсіп жүр. Осыдан бір ай бұрын ол әлеуметтік желіде отбасының өлтірілгенін және олардың орнын жалған адамдар басқанын айтқан күмәнді жазбалар жариялаған болатын.

UFC-дің ресми сайтының хабарлауынша, Би-Джей Пенн 2020 жылы ұйымнан ресми түрде босатылған. Ол өзінің соңғы жекпе-жегін 2019 жылы Клэй Гуидаға қарсы өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіліп қалған. Бұл оның қатарынан жетінші жеңілісі болды және ұзақ уақыт бойы бұл антирекорд ретінде тіркелді.

Пенн UFC-де соңғы рет 2010 жылы жеңіске жеткен. Ол жеңіл және жартылай орта салмақта чемпиондық белбеулерді иеленген санаулы жауынгерлердің бірі. Сондай-ақ, UFC тарихындағы ең көп белбеу қорғаған спортшылардың бірі ретінде де белгілі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам