Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

Қазақстанда туған әлем чемпионы өмірден өтті

28.05.2025, 15:36

Салман Хасимиков — төрт дүркін әлем чемпионы

Қазақстанда туған әлем чемпионы өмірден өтті
© РИА Новости / Владимир Акимов

Аты аңызға айналған ресейлік балуан Салман Хасимиков 73 жасында өмірден өтті. Даңқты балуанның өмірден өткенін Ресейдің спорттық күрес федерациясы растады.

Салман Хасимиков — төрт дүркін әлем чемпионы (1979, 1981, 1982, 1983) және екі дүркін Еуропа чемпионы (1979, 1981). Өзі 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде белдескен. Сонымен қатар ол бірнеше жыл бойы кәсіби рестлингпен де айналысып, ауыр салмақта халықаралық Гран-при турнирінің чемпионы атанған.

Сөйте тұра Хасимиковке Олимпиада ойындарына қатысу бақыты бұйырмапты. 1976 жылғы ойындар алдында жарақат алып қалса, 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада қарсаңында КСРО чемпионатында ұлттық құрамадан тыс қалды. Ал 1984 жылғы Олимпиада ойындарына КСРО бойкот жариялап, қатысқан жоқ.

Айта кетейік, Салман Хасимиков Қазақ КСР-де шешен отбасында дүниеге келген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам