
Биыл Болгария күрес федерациясының басшылығы ауысты
Болгария балуандарына Еуропа чемпионатындағы жоғары жетістігі үшін 8 мың АҚШ долларынан 60 мыңға дейінгі аралықта қомақты сыйақы берілді.
Күрес түрлерінен Еуропа чемпионатының жүлдегері үшін ұйымдастырылған іс-шарада дағыстандық легионер Рамазан Магомедов пен Кирил Миловке (97 кг) 100 мың болгариялық лев (58 мың АҚШ долларына тең) табысталды. Аталған балуандар Братиславада өткен құрлық біріншілігінде топ жарған еді.
Сондай-ақ, күміс жүлдегерлер украиналық легионер Семен Новиков (87 кг) пен шешенстандық Абумуслим Амаевқа (67 кг) 32 мың АҚШ доллары, ал әйелдер күресінен қола медаль иеленген Биляна Дудоваға (62 кг) 8 700 доллар табысталды. Украинадан Болгария құрамасына ауысқан Новиков Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен чемпион атанған.
Естеріңізде болса, биыл Болгария күрес федерациясының басшылығы ауысты. Жаңа лауазымды иеленген федерацияның президенті, Еуропа мен әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Станка Златеваның болгар тілінде сөйлемейтін балуандарды сынға алып, оларды әуежайдан қарсы алуға тыйым салған еді. Кейін легионер балуандар тіл үйренуге уәде беріп, әлеуметтік желіде болгар тілінде жазбалар жариялай бастады.