Украина дзюдошылары IJF-ке ренжіп, әлем чемпионатына қатыспайтын болды

29.05.2025, 22:49

Халықаралық дзюдо федерациясы агрессор елді қолдады дейді украиндықтар

Украина дзюдошылары IJF-ке ренжіп, әлем чемпионатына қатыспайтын болды
IJF

Украина дзюдо федерациясы Венгрияда өтетін әлем чемпионатына қатыспау туралы шешім қабылдады. Өйткені, бұл жарысқа Беларусь балуандары өз елінің тумен қатысады.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 2025 жылдың 1 маусымынан бастап Беларусь дзюдошыларына жарыстардың бәріне өз туымен қатысуға рұқсат берген.

Осыған байланысты, Украина Жастар және спорт министрлігінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 4435 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Украина дзюдо федерациясы Украинаның дзюдодан ұлттық құрамасының ресми делегациясын 2025 жылдың 13-19 маусым аралығында өтетін әлем чемпионатына қатыспау туралы шешім қабылдауға мәжбүр болды.

«Украина дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясының шешімін үзілді-кесілді айыптайды және оны жаһандық спорттық қозғалыстағы әділдік, жауапкершілік және ынтымақтастықтың негізгі қағидаттарына қайшы келеді деп санайды», - деп жазылған Украина дзюдо федерациясының ресми мәлімдемесінде.

Айта кетейік, 2022 жылдың ақпан айынан бері Ресей әскері Украинаға қарсы басқыншылық соғысын жүргізіп жатыр. Беларусь болса Ресейге түрлі көмек көрсетуде. Осыған байланысты Халықаралық Олимпиада комитетінен бастап өзге де спорттық қауымдастықтар мен федерациялар қос мемлекетті спорттық жарыстардан шеттетті. Аталған елдердің спортшылары жарыстарға қатысқан жағдайда бейтарап тудың астында өнер көрсетуі керек.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам