Грек-рим күресінен Қазақстан кубогының жүлдегерлері анықталды

30.05.2025, 10:51

Балуандар қыркүйек айында Хорватияда өтетін әлем чемпионатына қатысады

Грек-рим күресінен Қазақстан кубогының жүлдегерлері анықталды
Спортты дамыту дирекциясы

Астанада өткен Қазақстан кубогында грек-рим күресінен 5 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталды. Бұл сында Париж Олимпиадасының қатысушысы Айдос Сұлтанғали ұзақ үзілістен кейін маңызды жарыста топ жарды.

Сонымен бірге, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев секундант болған Алматы облысының балуаны Алматбек Аманбек 72 келіде қола жүлдеге ие болды.

Айта кететін жайт, Қазақстан кубогында топ жарған балуандар қыркүйек айында Хорватияда өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Турнир жүлдегерлері:

55 кг

1.Марлан Мұқашев (Астана қ.)

2.Алпамыс Дастанбек (Қызылорда обл.)

3.Нұрзат Қабдырахимов (Жетісу обл.)

3. Бауыржан Садвокасов (СҚО)

60 кг

1.Айдос Сұлтанғали (Қызылорда обл.)

2.Ғалым Қабдунасаров (Жетісу обл.) 10:1

3.Айбек Айтбеков (Астана қ.)

3.Айбек Сабырбеков (ШҚО)

72 кг

1.Мерей Маулитканов (Астана қ.)

2.Данияр Каленов (СҚО) – таза жеңіс

3.Ерасыл Нұрбосынов (Алматы обл.)

3. Алматбек Аманбек (Алматы обл.)

97 кг

1.Иусуф Мациев (Қостанай обл.)

2.Салават Ахметқали (ШҚО)

3.Жантас Нұрғали (Жетісу обл.)

3.Ерғали Бектұрсынов (Алматы қ.)

130 кг:

1.Мансур Шадукаев (Қостанай обл.)

2.Ақарыс Бердашов (Алматы обл.)

3.Ұланқандас Өтегенов (Ақтөбе обл.)

3.Әлімхан Сыздықов (Шымкент қ.)

Қазақстан кубогында бұған дейін еркін және әйелдер күресінен жүлдегерлер анықталған еді. Бүгін грек-рим күресінен 5 салмақта финалда және қола жүлде үшін белдесулер өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам