
Камиль Дағыстанда Садулаевпен бірге спарринг өткізген
Еркін күрестен ұлттық құрама мүшесі, жастар арасында әлем чемпионы Камиль Куруглиев екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевпен бірге жаттығып жатыр. Бұл туралы балуанның әкесі, белгілі бапкер Магомед Куруглиев хабарлады.
Қазіргі уақытта 97 келіде күресетін Камиль Дағыстанда Садулаевпен бірге спарринг өткізіп үлгерген. Сондай-ақ, физикалық дене жаттығуын күшейтіп жатқаны белгілі болды.
Камил Куруглиев ұзақ уақыт жастар құрамасында өнер көрсетіп, өткен жылы ел чемпионатында қола жүлдеге ие болған еді. Сонымен бірге, 2024 жылдың қыркүйек айында Испанияда өткен U20 санатында әлем чемпионатында 92 келіде қола медаль иеленді. Ал жыл соңында Ереванда әскерилер арасында өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.
Айта кететін жайт, Астанада өтіп жатқан Қазақстан кубогына ақтаулық балуан қатысқан жоқ.