Париждегі жеңісімнен соң президенттің қоңырауын күттім, бірақ хабарласпады - Ақмарал Науатбек

04.06.2025, 22:27

Спортшы қыз әр жеңісінен соң президент құттықтауын асыға күткенін айтады

Париждегі жеңісімнен соң президенттің қоңырауын күттім, бірақ хабарласпады - Ақмарал Науатбек
Спортты дамыту дирекциясы

Дзюдодан Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбек «Zamandas» подкастында қонақта болып, Парижде жеңіске жеткенде, президенттен қоңырау күткенін алға тартты.

Жүргізушілер спортшыдан «Жеңісіңмен президент құттықтады ма?» деп сұрады. Ақмарал мемлекет басшысының қоңырауын күткенін, алайда құттықтау болмағанын айтты.

«Елдос Сметовті құттықтағанын көрдім. Жеңіске жеткен соң маған да хабарласатын шығар деп күттім. Өкінішке қарай, құттықтау болған жоқ. Шыны керек, кішкене қынжылғаным рас. Президент 2023 жылғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін де арнайы қарсы алып, марапаттады. Сонан соң Пара Азия ойындарында жеңіске жеттім. Бізді де президент марапаттайтын шығар деп ойладым. Кездесуді күткенім рас. Бірақ премьер-министр қабылдайтынын айтты. Негізі ең алғаш рет 2022 жылы әлем чемпионатында үздік шыққанда кездесу болатын шығар деп күттім. Өйткені еліміздің парадзюдо тарихында әйелдер арасында бұл алғашқы алтын медаль болатын. Сонан соң алдымда Пара Азия ойындары бар ғой, сол жерде жеңіске жетуім керек деп жұбаттым. Сонан соң Паралимпиадада топ жарсам, осы жолы президент марапаттайды дедім. Ол кезде де премьер-министр марапаттады», - деді Науатбек.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 26
Ұнамайды 3
Күлкілі 5
Ашулану 3
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам