Жансая Әбдімәлік сынға ұшыраған Бибісара Асаубаеваға қатысты пікір білдірді

05.06.2025, 16:10

Жанкүйерлер Жансаядан «болашақта бапкер болуыңыз мүмкін бе?» деп сұрады

Жансая Әбдімәлік сынға ұшыраған Бибісара Асаубаеваға қатысты пікір білдірді
Әлеуметтік желі

Қазақстандық танымал шахматшы, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік Instagram желісіндегі оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.

Жанкүйерлер Жансаядан «болашақта бапкер болуыңыз мүмкін бе?» деп сұрады. Шахматшы мұндай ойы барын, дегенмен қазір еместігін алға тартты.

«Өзімді Қазақстан құрамасының бапкері ретінде сынап көруге қуана келісер едім. Менің қатаң мінезім мен мәселеге «жеңіл қарай алатыным» құрамамен жұмыс істеуге қолайлы болар еді деп ойлаймын», - деді Жансая.

Ал қазіргі таңда Қазақстандағы ең мықты шахматшы туралы сауалға ол:

«Нақты айту қиын. Бірақ мен кеткеннен кейін барлығы сәл босаңсып кеткендей әсер қалдырды. Қазір ойыншыларда тұрақсыздық пен ретсіздік байқалады», - деп жауап берді.

Сонымен қатар оқырманның бірі Бибісара Асаубаеваның қазақ тілінде сөйлеуден бас тартқаны үшін сынға ұшырағанына қатысты көзқарасын да сұрады.

«Меніңше, одан да маңызды мәселелер бар. Бұл жайт мені неліктен қызықтыруы керек? Бұл – өзінің таңдауы, сондықтан өзі шешсін», - деп қысқа қайырды Жансая.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 8
Күлкілі 1
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам