
Шахматшы қыз оқырмандарын ата-анасын бағалауға шақырды
Қазақстандық танымал шахматшы, гроссмейстер Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында анасына алғысын білдірді.
Видеода оның анасына жылап отырып хабарлама жібергенін, сонан соң анасы Лиана Таңжарықованың қызын қолдап түрлі хаттар жазғанын көруге болады. Ал Асаубаева өзін анасымен жолы болған адам деп атады.
«Кей сәтте ұтылған да шығармын, бірақ анаммен жолы болған адаммын», - деді Бибісара.
Сонан соң шахматшы қыз оқырмандарын ата-анасын бағалауға шақырды. Айта кетейік, Асаубаева сауалға қазақ тілінде жауап беруден бас тартқаны үшін сынның астында қалып, спортшының анасы хейтерлерге жауап берген еді.