Қазақстанда тағы бір спортшы әкім болды

11.06.2025, 13:47

Ол Шымкентте дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып қызмет еткен

Қазақстанда тағы бір спортшы әкім болды
Шымкент әкімдігі

Кезінде дзюдо құрамасында 81 келіде күрескен Маратбек Мықтыбеков Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының әкімі болып тағайындалды.

Ол бұған дейін 2023 жылдың қарашасынан бүгінгі күнге дейін Шымкентте дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып қызмет еткен.

Маратбек Мықтыбеков 1981 жылы Түркістан облысының Бәйдібек ауданында дүниеге келген. Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, дзюдодан жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Көп жылдар бойы спорт саласында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Соның ішінде күрес түрлері бойынша Олимпиадалақ даярлау орталығының директоры, ҚР дзюдо федерациясының I-вице-президенті, бокстан Азия конфедерациясы атқарушы директорының кеңесшісі, ҚР спортты дамыту дирекциясының директоры, ҚР бокс федерациясы президентінің кеңесшісі, Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры лауазымдарында қызмет атқарды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам