
Ол әлемдік рейтингте 59-орында тұр
Моңғолияда дүниеге келген этникалық қазақ Ёлка Кадербек (-60кг) Будапеште өтетін дзюдодан әлем чемпионатына қатысады. Бұл 24 жастағы қандасымыздың ең алғашқы әлем чемпионаты болмақ.
Ёлка Кадербек – Моңғолияның Сэлэнгэ аймағының тумасы. Ол 2024 жылы Токиода өткен Гранд-Слэм турнирінде 5-орынға ие болған.
Сондай-ақ, қазақ балуаны Ұлан-Батырда өткен ТОП-6 турнирінде әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Париж Олимпиадасының қатысушысы Энхтайван Ариунболдыны жеңіп, қола жүлде жеңіп алған.
Қазіргі Ёлка таңда -60 келі салмақта әлемдік рейтингте 650 ұпаймен 59-орынға тұрақтаған.