
Жүнісова мен Ыбрайымов желіде таралған жалған дерек туралы айтты
Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова Олимпиада чемпионы, даңқты боксшы Ермахан Ыбрайымовпен кездесіп, өздеріне қатысты тараған ақпарат туралы пікір білдірді.
Жүнісова мен Ыбрайымов «МузАрт» тобының солисі Сәкен Майғазиевтің ұлының тойында қонақ болған. Сонда әнші былғары қолғап шеберіне екеуі туралы тараған өсекті еске алып, алыпқашпа әңгімелерді таратқандардың мақсатын түсінбегенін жеткізді.
«Ереке, сізді танығаныммен, екеуміз араласпаған адамбыз ғой. Бірақ екеуміз туралы не айтылғанын білесіз бе? Екеуміз жүреді екенбіз, сіздің маған деген махаббатыңыз бөлек екен. Осыны оқыған күні қылқынып қала жаздадым. Оңбағандар! «Алла түптеріңе жетсін» деп едім, солай болды да», - деді Жүнісова.