ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Мариус Визер IJF президенті болып қайта сайланды

Мариус Визер IJF президенті қызметіне қатарынан алтыншы рет сайланып отыр

Idman.biz
Idman.biz

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер жаңа төрт жылдық мерзімге қайта сайланды.

Ұйым мәліметінше, бұл шешім Венгрияның Будапешт қаласында өткен IJF конгресінде қабылданды.

Осылайша, Мариус Визер IJF президенті қызметіне қатарынан алтыншы рет сайланып отыр. Енді ол бұл міндетті 2029 жылға дейін аұарады.

«Сенімдеріңізге, адалдықтарыңызға, ынтымақтастықтарыңыз бен қолдауларыңызға алғысымды білдіремін. IJF-тің жаңа атқарушы комитетінің және жеке өзімнің атымнан дзюдоның болашағы үшін бұрынғыдан да зор ынтамен жұмыс істейміз деп сенімді айта аламын», — деді Визер.

Айта кетейік, 66 жастағы Мариус Визер бұл қызметті 2007 жылдан бері атқарып келеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам