
Спортшы Р-240 тас жолында өзінің жеке көлігімен апатқа ұшыраған
Мотожарыстан 20 дүркін әлем чемпионы атанған Николай Красников Уфа маңындағы жол апатында қаза тапты. Бұл туралы SHOT Telegram-арнасы хабарлады.
Спортшы Р-240 тас жолында өзінің жеке көлігімен апатқа ұшыраған. SHOT дерегінше, Красников Нижнекамск қаласынан Уфаға бара жатқан. Түнгі сағат үш шамасында ол қарсы жолаққа шығып кетіп, «Газель» және «Ситрак» көліктерімен соқтығысқан. Ауыр жарақат салдарынан 40 жастағы спортшы оқиға орнында көз жұмды. Қазір жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, Николай Красников жеке сында сегіз, командалық сында он екі мәрте әлем чемпионы атанған. Ал 2023 жылдың ақпан айында кәсіби спорттағы мансабын аяқтады.