ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Қазақстан мен Өзбекстан Олимпиадаға бірге дайындала ма?

03.07.2025, 17:53

Өзбекстандық делегация Алматыға келді

Қазақстан мен Өзбекстан Олимпиадаға бірге дайындала ма?
Өзбекстан ҰОК

Алматы қаласына Өзбекстан Республикасының Спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиадалық және Паралимпиадалық комитеттері басшылығы жұмыс сапарымен келді.

Бұл сапар аясында өзбекстандық делегация Қазақстанмен спорт саласындағы әріптестікті одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар ресми кездесулер өткізді.

«Бүгін Өзбекстан тарапы Қазақстанның Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновпен, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті, әйгілі боксшы Геннадий Головкинмен және Паралимпиадалық комитеттің президенті Қайрат Боранбаевпен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында қос ел арасындағы спорттық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, ұлттық құрамалар үшін бірлескен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру, ірі халықаралық жарыстарға дайындықты үйлестіру, дарынды жастарды іріктеу және спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша тәжірибе алмасу мәселелері көтерілді», – деп жазды Өзбекстан Ұлттық олимпиада комитеті.

Бұл жұмыс сапары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы спорт саласындағы байланыстарды жаңа деңгейге шығарып, ортақ бастамалардың жүзеге асуына серпін береді деп күтілуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам