ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Парижде Тунис құрамасына тарихи алтын әперген қазақ бапкерінің басы дауда қалды

17.07.2025, 23:58

Ол Париж Олимпиадасында Тунис құрамасына тарихи алтын медаль алып берген болатын

Парижде Тунис құрамасына тарихи алтын әперген қазақ бапкерінің басы дауда қалды
olympics.com

2025 жылдың қаңтар айында таеквондадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкер қызметіне тағайындалған Есбол Сұлтановтың басы дауда қалды.

Журналис Диас Нұрақанның ақпартына сәйкес, Есбол Сұлтанов 2001 жылдары өзінің аты-жөні мен жасын өзгертіп, жасөспірімдер арасында Азия чемпионатына қатысып, 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста чемпион атанған. Алайда ол кезде оның жасы 21-де болғаны айтылады.

«2001 жылы Есбол Ерден деген атпен Азия чемпионатына қатысып, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы жарыста жүлделі бірінші орын алған екен. Алайда, оның жасы сол кезде 21-де болған дейді дереккөз. Яғни, 1981 жылы туғанымен 1984 жылғы деп жалған төлқұжат жасатқан. Осы құжатпен 2005 жылға дейін әртүрлі жарыстарға қатысып, жүлдегер атанған. Ғаламтордағы ашық мәліметтерде Есбол Сұлтанның 2002 жылғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алғаны жазылған. Сондай-ақ, тағы бірнеше беделді жарыста жүлде алыпты.  Тек 2006 жылдан бастап қайтадан өзінің түпнұсқа төлқұжатын пайдалана бастапты», - деп жазды журналист.

Бұған қоса, журналистің сөзінше бұл істі құзырлы органда тексергенін атап өтті.

«Қос құжат жасатқаны туралы деректі полиция да тексерген. Құзырлы органдар Сұлтанов Есбол Ерденұлына 1997 жылы Шымкент қалалық АХАЖ бөлімі төлқұжат берген дейді. Сондай-ақ, 2000 жылы ОҚО, Қазығұрт ауданы АХАЖ бөлімі берген жалған туу туралы куәлік негізінде тағы бір төлқұжат жасалып, туған жылы 01.03.1984 жыл деп заңсыз өзгертілгені дәлелденген. Бірақ бұл 25 жыл бұрын жасалған заңсыздық (қылмыс) деп істі жылы жаба салыпты», - деп жазды Диас Нұрақын өзінің Facebook-парақшасында.

Диас Нұрақын бұл жөнінде Есбол Сұлтановтың өзіне хабарласып, мән-жайды анықтамақ болған. Бірақ бас бапкер жауап бермепті.

Еске салайық, Есбол Сұлтанов бұған дейін Тунис құрамасын жаттықтырған. 2024 жылы Париж Олимпиадасында оның шәкірті чемпион болып, биыл ол Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам