
Гүлайым Рахмонова болғаны желіде жазылып жатыр.
Жамбыл облысында екі адамның өліміне себеп болған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл апатқа UFC-де өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы қатысқан болуы мүмкін деген ақпарат әлеуметтік желілерде тарап жатыр.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің 345-бабы («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Қазір оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Көлік айып тұрағына қойылды», – делінген полицияның ресми жауабында.
Апат 2025 жылдың 27 шілдесі күні сағат 08:50-де республикалық маңызы бар «Алматы – Екатеринбург» тас жолының 299-шақырымында болған.
Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі Қарағанды облысынан Алматы бағытына келе жатып, тізгінге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Оқиға салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілгені хабарланды.
Бұған дейін көлік тізгінінде Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова болғаны желіде жазылып жатыр. Бірақ полиция әзірге ақпаратты растап немесе терістеген жоқ.