Сынға түскен 26 мемлекеттің арасында жүлдесі жоқ Қазақстан небәрі 18-орынға тұрақтады
25-27 шілде аралығында Ұлан-Батыр (Моңғолия) қаласында дзюдодан Гранд-Слэм турнирі өтті.
Байрақты бәсекеде 8 спортшы ел намысын қорғады. Алайда бұл жарыста дзюдошыларымыздың басым бөлігі алғашқы айналымда жарыс жолынан шығып қалды. Құрамада ең үздік нәтижені Бауыржан Нарбаев (-66кг) пен Ермахан Ануарбеков (-90кг) тіркеді. Екеуі де 5-орынмен шектелді.
Осылайша ұлттық құрама дзюдошылары үшін бұл дода сәтсіз аяқталды. Сынға түскен 26 мемлекеттің арасында жүлдесі жоқ Қазақстан небәрі 18-орынға тұрақтады.
Ал көршілес Өзбекстан командасы 1 алтын, 1 күміспен жалпы есепте 4-орынға орналасты.
Үздіктердің көшін Жапония құрамасы бастады. Олардың қоржынында 6 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар. Екінші орынға 3 алтын, 1 күміс, 7 қола жүлдемен Моңғолия елі жайғасты. Үздік үштікті Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) түйіндеді.