Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Асхат Жіткеев жаңа қызметке тағайындалды

28.07.2025, 14:54

Сондай-ақ дзюдо федерациясының жаңа Бас хатшысы да таныстырылды

Асхат Жіткеев жаңа қызметке тағайындалды
Дзюдо федерациясы

25 шілде күні Астанада өткен Қазақстан дзюдо федерациясының кезекті конференциясында бірқатар кадрлық өзгерістер болды. Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, еңбек сіңірген спорт шебері Асхат Жіткеев Федерацияның вице-президенті қызметіне тағайындалды.

Асхат Жіткеевтің спорттағы жолы – бірнеше онжылдықты қамтитын кәсіби тәжірибе. Ол ұлттық құраманың бас бапкері, Федерацияның даму жөніндегі директоры, Бас хатшысы және президент міндетін атқарушы қызметтерін атқарған. Қазір ол Азия дзюдо одағының рефери-директоры ретінде де халықаралық деңгейде жұмыс істеп келеді.

Конференция аясында Федерацияның жаңа Бас хатшысы да таныстырылды. Бұл лауазымға халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қатысушысы Тимур Болат тағайындалды. Ол 2017 жылдан бері ұлттық құраманың команда жетекшісі қызметін атқарып келген.

Жиын барысында өңірлерде дзюдоны дамыту, жаттықтырушылар мен спортшыларды қолдау, ірі халықаралық турнирлер ұйымдастыру және 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына дайындық басты міндет ретінде атап өтілді. Федерация алдағы уақытта осы бағыттарда жүйелі жұмыс жүргізуді жалғастырмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам