Қытайдағы қазақ қызы Гранд-Слэм турнирінде күміс жүлдеге ие болды

Бұған дейін Ташкенттегі Гранд-Слэмде қола жүлде еншілеген

ijf.org
ijf.org

Қытайда дүниеге келген қазақ қызы Айман Жеңіснұр дзюдодан Моңғолияда өткен Гранд-Слэм турнирінде күміс жүлдеге қол жеткізді.

+78 келі салмақта сынға түскен қандасымыз финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, француздық Леа Фонтенмен белдесті. Тартысқа толы белдесуде қарсыласына есе жіберіп, Айман турнирде екінші орынға тұрақтады.

Айман Жеңіснұр алғаш рет Гранд-Слэм жарысының финалына шығып отыр.

Бұған дейін Ташкенттегі Гранд-Слэмде қола жүлде еншілеген. Ал Бангкоктегі Азия чемпионатында топ жарып, алтыннан алқа таққан. Айта кетейік, Айман қазір небәрі 21 жаста. Ол Қытайдың Құлжа қаласы, Іле автономиясында дүниеге келген.

 

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам