Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Дәрігерлер Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлының жағдайы туралы айтты

28.07.2025, 15:44

Олар Шу қалалық ауруханасына жеткізілген

Дәрігерлер Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлының жағдайы туралы айтты
Getty images

Шу қаласында болған жол апатынан кейін Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлының жағдайына қатысты Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы ресми ақпарат таратты.

Ведомствоның хабарлауынша, жарақат алғандардың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

«Рахмоновтар травматология бөлімшесіне жатқызылды. Алдын ала диагноз — жабық бас-ми жарақаты, ми зақымдануы», — деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер Шу қалалық ауруханасына жеткізілген. Алайда кейінірек олар медициналық мекемеге ешқандай шағымы жоқ екендігін көрсетіп, тиісті қолхат жазып, Алматы қаласына жолға шыққан.

Айта кетейік, апат 2025 жылдың 27 шілдесі күні сағат 08:50-де республикалық маңызы бар «Алматы – Екатеринбург» тас жолының 299-шақырымында болған.

Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі Қарағанды облысынан Алматы бағытына келе жатып, тізгінге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Оқиға салдарынан екі адам оқиға орнында қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам