
Спортшы иығына ота жасатқан
Спорттық гимнастикадан ат снаряды жаттығуы бойынша Олимпиада чемпионы, Ирландияның өкілі Рис Маккленаган ауруханаға түсіп қалды. Спортшының айтуынша, оның иығына ота жасалған.
«Мен өзімді көптен бері алаңдатқан иығыма ота жасаттым. Бұл жарақатпен ұзақ уақыт бойы күрестім. Сондықтан операцияның сәтті өткеніне өте қуаныштымын. Енді қайтадан өз саламда әлемнің үздігі болуға бар күшімді саламын. Спорт деген – тек жеңіс пен қуаныштан тұнмайды. Бұл – ауыр жарақат пен сынақтарға төзім мен табандылық талап ететін алып күш. Дейтұрғанмен мен спортты жақсы көремін», – деп жазды Маккленаган.
Бұл жазбаның астында еліміздің даңқты спортшысы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Нариман Құрбанов та пікір қалдырып, Риске тез сауығып кетуін тіледі.
Айта кетейік, Рис Маккленаган мен Нариман Құрбанов 2024 жылғы Париж Олимпиадасында ат снарядты жаттығуы бойынша алтын жүлде үшін таласты. Жарыс соңына дейін Нариман Құрбанов көш бастап тұрды, бірақ ең соңғы болып өнер көрсеткен Рис Маккленаган, Нариманнан алтын жүлдені жұлып алып, нәтижесінде күміс жүлдені иеленді.