Оқырманның махаббаты. Моншадағы кездесу. Қызқұмар футболистер – ЖБ оқиға

Тоқаев спортшы болмай-ақ таэквондодан қара белбеу иегері атанды

12.08.2025, 13:11

Сонымен қатар қазақ спортшыларының халықаралық аренадағы табысына тоқталды.

Тоқаев спортшы болмай-ақ таэквондодан қара белбеу иегері атанды
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының (WT) президенті Чунгвон Чоуды қабылдады.

Президент таеквондо олимпиадалық спорт түрі ғана емес, үйлесім, тәртіп және өзара құрмет қағидаттарына негізделген, дүние жүзіндегі миллиондаған адамды біріктіретін философия деп санайды.

Чунгвон Чоу қонақжайлық танытып, Қазақстанда таеквондоның дамуына әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Бүкіләлемдік федерация басшысы ертеңгі турнирдің ұйымдастырылуына және еліміздегі осы спорт түріне қызығушылық деңгейіне жоғары баға берді. Сонымен қатар қазақ спортшыларының халықаралық аренадағы табысына тоқталды.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті әлемде таеквондоның дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Чунгвон Чоуды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. 

Өз кезегінде Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті мемлекет басшысына ерекше құрметтің белгісі ретінде тоғызыншы дан қара белбеуін табыс етті. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам