
Финалда Ираннан келген Абольфазл Мохаммад Нежадмен күресті
Еркін күрестен Болгарияның Самоков қаласында 20 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Отандасымыз Едіге Қасымбек 125 келі салмақта топ жарды. Ол финалда Ираннан келген Абольфазл Мохаммад Нежадмен күресіп, айқын басымдықпен жеңді.
Сонымен қатар, қазақстандық Досжан Ғұл-Ғайып (74кг) пен Самин Дурсунов (97кг) қола жүлде еншіледі.
Бұған дейін Едіге Қасымбек 2 рет әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған. Сонымен қатар 3 мәрте Азия чемпионатында топ жарған.