Айдос Сұлтанғали АҚШ балуанын жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Отандасымыз Максвелл Блэкті 7:1 есебімен тізе бүктірді

ҰОК
ҰОК

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады.

60 келіге дейінгі салмақта ол 1/16 финалда АҚШ спортшысы Максвелл Блэкті 7:1 есебімен тізе бүктірді.

Сонымен қатар 72 келіге дейінгі салмақта Мерей Мәулетқанов та 1/8 финалға шықты. Ол финляндиялық Матиас Липастиден 3:0 есебімен басым түсті.

Ал 97 келіге дейінгі салмақтағы Рахат Бержанов грузин балуаны Георгий Мелияға 2:7 есебімен есе жіберді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам