Сенсация! Қазақтың жас балуаны Олимпиада финалисін жеңіп, жартылай финалға шықты

Ол  украиналық Парвиз Насибовты 4:3 есебімен жеңді

ҰОК
ҰОК

Грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Мерей Мәулетқанов ширек финалда жеңіске жетті.

72 келіге дейінгі салмақта сынға түскен балуанымыз украиналық Парвиз Насибовты 4:3 есебімен жеңді.

Отандасымыз жартылай финалда 2023 жылғы әлем чемпионы, франциялық Ибрагим Ганеммен кездеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам