ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Қуат Хамитов Айдос Сұлтанғалидың жеңісінен кейінгі жүлде көлеміне наразылық білдірді

21.09.2025, 11:32

Әлем чемпиондарына берілетін сыйақы туралы заңды өзгерту керек!

Қуат Хамитов Айдос Сұлтанғалидың жеңісінен кейінгі жүлде көлеміне наразылық білдірді
Фото: instagram.com/kuat__khamitov/

Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов Загребте (Хорватия) өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғалидың тарихи жеңісіне қатысты пікір білдірді.

Белгілі файтер чемпионға тағайындалған сыйақының көлемін сынға алды. Оның айтуынша, Қазақстан тарихындағы ХХІ ғасырдағы алғашқы алтын жүлде иегеріне берілген 10 мың доллар – лайықты марапат емес.

«Азаматымыз тарих жасады, оған ең болмағанда футболшылардың бір айлық жалақысын беріңдер. Ал 10 мың доллар деген не өзі? Бұл – тарих! Алло! Әлем чемпиондарына берілетін сыйақы туралы заңды өзгерту керек!», – деп жазды Хамитов Instagram-дағы kzsports аккаунтында.

26 жылдан кейінгі тарихи алтын

Айдос Сұлтанғали Қазақстанға грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионатының алтынын 26 жылдан кейін алып келді. Соңғы рет 1999 жылы Афинада отандасымыз Мхитар Манукян (63 кг) чемпион атанған болатын.

Осы аралықта Алмат Кебіспаев, Мейрамбек Айнағұлов, Демеу Жадыраев, Қорлан Жақанша, Ержет Жарлықасын сынды палуандар финалға дейін жеткенімен, басты белесті бағындыра алмады.

Жалпы алғанда, Айдос Сұлтанғали – тәуелсіздік алғаннан бергі грек-рим күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионатының финалына шыққан оныншы қазақ балуаны.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×