ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

Сметов саясатқа араласа ма? Спортшының бапкері пікір білдірді

30.09.2025, 14:59

Ғалымжан Жылгелдиев шәкіртінің саяси мансабы туралы ойын айтты

Сметов саясатқа араласа ма? Спортшының бапкері пікір білдірді
әлеуметтік желі

Париж Олимпиадасында Қазақстан қоржынына жалғыз алтын медальды салған дзюдошы Елдос Сметовтің жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев шәкіртінің мансабына қатысты пікір білдірді.

«Мен өзім саясатқа араласпағанды жөн көремін. Тек спорт саласында жүрсе екен деймін. Әрине, саясатқа араласатын саясаткер бар. Ал спортта әрнәрсенің өз уақыты келеді. Қазір өте көп елді аралап, жұртпен араласып, ақ-қараны ажырататын жасқа келді. Еліміз үшін, жеріміз үшін, жастарымыз бен спорт үшін бүкіл жақсы дүниені үйреніп, кейін федерацияны басқаратын шығар. Мүмкін, спорт саласын басқаратын шығар. Сол салада көргім келеді», – деді ол Sport+Qazaqstan арнасына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Елдос Сметов Париж Олимпиадасында 60 келіге дейінгі салмақта чемпион атанып, Қазақстанға көптен күткен алтынды сыйлаған болатын. Спортшы дзюдодан алғашқы шеберлік сағатын Испания астанасы Мадридте өткізгені туралы жазған едік.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам