Қазақстан ІІМ Биволға қатысты іс қозғады
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жары Екатерина Биволға іздеу жариялады.
ІІМ өкілдері оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу түрі таңдалғанын мәлімдеді. Қазір аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жария етілмейді.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, іздеу жарияланды, — деп хабарлады ІІМ өкілдері.
Бұған дейін Екатерина Бивол әлеуметтік желілерде түрлі ұлт өкілдеріне, соның ішінде Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарына қатысты қорлайтын пікір айтылған бейнежазба жариялаған болатын. Осы оқиғадан кейін Қырғызстан да оған халықаралық іздеу жариялаған еді.