ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Баходир Жалолов Ташкентте қырғыздың танымал спортшысына құрмет көрсетті

01.11.2025, 11:12

Сондай-ақ, Махмұдов аралас жекпе-жектің танымал өкілі Хабиб Нұрмагомедовпен кездескен

Баходир Жалолов Ташкентте қырғыздың танымал спортшысына құрмет көрсетті
әлеуметтік желі

Бокстан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Баходир Жалолов Ташкентке грек-рим күресінен қырғыздың белгілі балуаны Ақжол Махмұдовты қонақ қылды.

Бұл туралы Қырғызстан балуаны желіде бірнеше фотосурет жариялап, Өзбекстан астанасында естен кетпес демалыс өткізгенін атады.

Спортшы бұл сапарында өзбектің танымал боксшылары Баходир Жалолов пен Исраил Модримовтың қонағы болған. Сондай-ақ, Махмұдов аралас жекпе-жектің танымал өкілі Хабиб Нұрмагомедовпен де Ташкентте жүздескенін жеткізді.

Өзбектің танымал боксшысы өз еліне көптеген танымал спортшыларды шақырып, құрмет көрсетуімен бұған дейін де бірнеше рет көзге түскен. Ол қазақстандық былғары қолғап шеберлеріне әрқашан жанкүйерлік ететінін және оларды бауырындай көретінін айтқан еді. Тіпті, Париж Олимпиадасында Нұрбек Оралбай үшін дұға қылғанын да жария еткен.
 

«Мен әрқашан қазақстандық боксшыларға жанкүйерлік еттім. Головкинге және басқаларын қолдап отыратынмын. Ал Нұрбек Оралбай мен үшін бауырдай болып кетті. Ол қоңырау шалып, хабарласып тұрады. Өзбекстанға қонаққа шақырамын», - деген болатын Жалолов.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам