ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Ризабек Айтмұқан мен Нұрқожа Қайпанов Ислам ойындарына қатысатын болды

01.11.2025, 16:29

Жарыс 7-21 қараша аралығында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді

Ризабек Айтмұқан мен Нұрқожа Қайпанов Ислам ойындарына қатысатын болды
Фото: United World Wrestling

Әлемдік күрестің жұлдыздары Ризабек Айтмұхан мен Нұрқожа Қайпанов Исламиадада Қазақстан намысын қорғайды.
7-21 қараша аралығында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін Ислам ынтымақтастық ойындарында Қазақстан құрамасын кімдер таныстыратыны белгілі болды.

Жарыстың ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, ұлттық құрама сапында төмендегі балуандар өнер көрсетеді:

Грек-рим күресі

  • Ислам Евлоев – 87 кг

Еркін күрес

  • Нұрқожа Қайпанов  –  70 немесе 74 кг
  • Ризабек Айтмұхан  –  97 кг

Әйелдер күресі

  • Зейнеп Баянова  –  53 кг
  • Ирина Казюлина  –  68 кг
  • Эльмира Сыздыкова  –  76 кг

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан мен Нұрқожа Қайпанов  –  әлемдік аренада өзін дәлелдеген мықтылар. Айтмұхан — әлем чемпионатының жүлдегері және әлем чемпионы титулын жеңіп алған жас жұлдыз, ал Қайпанов  –  әлем чемпионатының финалисі әрі тәжірибелі палуан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам