Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Қазақстан теннистен әлемдегі үздік үш елдің қатарына енді

12.01.2026, 17:56

Мұндай нәтижеге Қазақстаннан бөлек АҚШ пен Италия ғана ие болып отыр

Қазақстан теннистен әлемдегі үздік үш елдің қатарына енді
ktf.kz

Қазақстан әлемдік теннис элитасындағы орнын ресми түрде бекітті. Бүгінде еліміз ерлер (ATP) мен әйелдер (WTA) арасындағы жаһандық рейтингтің Топ-10 тізіміне бірдей енген әлемдегі үш мемлекеттің біріне айналды. Қазіргі таңда мұндай бірегей нәтижеге Қазақстаннан бөлек АҚШ пен Италия ғана ие болып отыр.

Бұл тарихи жетістік ұлттық құрама көшбасшыларының толайым табыстарының нәтижесі. Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылдың басында WTA рейтингінде 5-ші орынды сенімді түрде сақтап, жоғары деңгейдегі тұрақтылығын дәлелдеп келеді. Ерлер арасында Александр Бублик тарихи рекорд орнатты. Гонконгта өткен ATP 250 турнирінде жарқын жеңіске жетіп, мансабындағы тоғызыншы титулын иеленген ол әлемдік рейтингте 10-шы сатыға көтерілді. Бұл еліміздің ерлер теннисі тарихындағы тұңғыш көрсеткіш.

Жекелеген жетістіктермен қатар, Қазақстан командалық деңгейде де әлемдік держава мәртебесін растап отыр. Әйелдер құрамасы «Билли Джин Кинг Кубогының» рейтингінде әлемдегі ең үздік 10 ұжымның қатарына кіреді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам