Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Новак Джокович Australian Open турнирінде 100-жеңісіне қол жеткізді

20.01.2026, 12:12

Джокович - ATP турнирін жеңіп алған тарихтағы ең егде теннисші

Новак Джокович Australian Open турнирінде 100-жеңісіне қол жеткізді
© Shi Tang / Contributor / Getty Images Sport

Сербиялық теннисші, әлемнің экс-бірінші ракеткасы Новак Джокович Australian Open турниріндегі 100-ші жеңісін тіркеді.

Турнирдің алғашқы айналымында Джокович Испания өкілі, әлемдік рейтингтің 71-орнында тұрған Педро Мартинес-Портероны үш сетте 6:3, 6:2, 6:2 нәтижесімен жеңген.

Екінші айналымда серб теннисшісінің қарсыласы италиялық Франческо Маэстрелли (ATP 141) болмақ. Ол бірінші айналымда франциялық Теранс Атманнан (64) басым түскен.

Аталған жеңіс Джокович үшін Australian Open турниріндегі 100-ші матчтық жеңіс болып отыр. Бұл көрсеткіш бойынша одан тек швейцариялық Роджер Федерер ғана алда тұр (102 жеңіс).

Новак Джоковичтің спорттың мансабында ATP турнирінде жалпы саны 101 жеңіс бар. Бұл көрсеткіш бойынша ол тек Роджер Федерерден (103) және америкалық Джимми Коннорсті (109) ғана алға шығарған.

Айта кетейік, өткен жылдың қараша айында Джокович ATP турнирін жеңіп алған тарихтағы ең жасы егде теннисші атанған. Ол 38 жасында (5 ай) бұл жетістікке жетіп, француз Гаэль Монфистің (38 жас 4 ай) рекордын жаңартқан болатын.

Тағы бір дерек, Australian Open турнирінің биылғы жүлде қоры шамамен 75 миллион АҚШ долларын құрап, рекордтық сомаға жетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам