Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Юлия Путинцева Australian Open турнирінің үшінші айналымына өтті

21.01.2026, 14:06

Отандасымыз француз теннисшісін айқын есеппен жеңді

Юлия Путинцева Australian Open турнирінің үшінші айналымына өтті
ҰОК

Қазақстан намысын қорғап жүрген Юлия Путинцева маусымдағы алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі – Australian Open жарысының үшінші айналымына шықты.

Екінші кезеңде қазақстандық теннисші франциялық Эльза Жакмоны сенімді түрде жеңді. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылып, Путинцева екі сетте 6:1, 6:2 есебімен басым түсті. Әлемдік рейтингте 94-орында тұрған спортшы алты брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Ал WTA рейтингінде 60-орында тұрған Жакмо бір эйс жасап, жеті брейк-пойнттың біреуін ғана жүзеге асырды.

Үшінші айналымда Юлия Путинцева әлемдік рейтингте 112-орында тұрған түркиялық Зейнеп Сонмезпен кездеседі. Бұл матчтың жеңімпазы жарыстың төртінші кезеңіне жолдама алады.

Айта кетейік, бұған дейін Путинцева алғашқы айналымда WTA рейтингінде 11-орында тұрған ресейлік Екатерина Александрованы 7:5, 4:6, 6:4 есебімен жеңіп, турнирдегі басты сенсациялардың бірін жасаған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам