27 жастағы спортшыға сүйіктісі ұсыныс жасады
Әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусьтің танымал теннисшісі Арина Соболенко бразилиялық автожарысшы әрі кәсіпкер Георгиос Франгулистің үйлену туралы ұсынысын қабыл алды.
27 жастағы спортшы сүйіктісінің ұсыныс жасаған сәтін Instagram желісіндегі жеке парақшасында жариялады. Видеода Франгулис Соболенкоға сақина ұсынып, оған тұрмысқа шығуға ұсыныс білдіреді.
Теннисші бұл қуанышты жаңалыққа «Сен және мен. Мәңгі. 03.03.2026» деген жазба қалдырған.
Беларусь спортшысы 37 жастағы бразилиялық, грек текті кәсіпкер Георгиос Франгулиспен 2024 жылдан бері қарым-қатынаста. Осы уақыт аралығында Соболенко кәсіби мансабында бірқатар ірі жетістіктерге жетті. Атап айтқанда, ол 2024 және 2025 жылдары US Open турнирінің чемпионы атанып, 2025 жылғы «Ролан Гаррос» және 2026 жылғы Australian Open жарыстарының финалына дейін жетті.
Айта кетейік, Арина Соболенко алдағы уақытта АҚШ-та өтетін беделді Индиан-Уэллс турниріне қатысуды жоспарлап отыр.