Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстанның бірінші ракеткасы Алькарас және Синнермен қарым-қатынасы жайлы айтты

05.03.2026, 11:30

Ол матчта бақ сынап көргісі келетінін айтты.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Алькарас және Синнермен қарым-қатынасы жайлы айтты
ҚР ҰОК

Әлемнің 10-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик испаниялық Карлос Алькарас пен италиялық Янник Синнермен қарым-қатынасы туралы айтты.

«Бұрын «Үлкен үштікке» (Big Three) тамсанатынмын, бірақ біз дос емеспіз. Ал Карлос пен Янникті жақсырақ білемін, өйткені олар қатарға енді қосылған кезде мен турда ойнап жүргенмін. Екеуі де біраз жаңашылдық әкелді.

Карлос – көңілді әрі айналасын у-шуға бөлеп жүретін жігіт. Янник салқынқанды, бірақ кортта ғана солай көрінеді. Ал корттан тыс жерде өте жақсы адам. Екеуімен де кездесіп, өз күшімді сынап көру қызық болар еді», – деді Бублик.

Айта кетейік, Бублик АҚШ-тың Индиан-Уэлс қаласында өтіп жатқан «Мастерс» санатындағы турнирдің екінші айналымында Майкл Чжен (АҚШ) мен Артур Казо (Франция) арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам