Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Жеңілмесең - өлтіреміз»: Танымал теннисшіге белгісіз адамдар қауіп төндірді

05.03.2026, 12:39

Белгісіз адамдар теннисшіден әдейі жеңілуді талап еткен

«Жеңілмесең - өлтіреміз»: Танымал теннисшіге белгісіз адамдар қауіп төндірді
Global Look Press

Италия теннисшісі Лукреция Стефанини Индиан-Уэллсте өткен WTA 1000 турнирінің іріктеу кезеңі алдында өзіне өлім қаупі төнгенін мәлімдеді.

Әлемнің 138-ракеткасы Instagram желісіндегі ресми парақшасында белгісіз адамдар WhatsApp арқылы оған қоқаң-лоққы көрсеткенін айтты. Белгісіз адамдар теннисшіге әдейі жеңілуді талап етіп, хат жазған. Хабарламада қарудың суреті жіберіліп, ата-анасының есімдері мен туған жері көрсетілген көрінеді.

«Егер жеңілмесем, өлтіреміз деген хабарлама келді. Маған тапаншаның суретін жіберіп, ата-анамның аттарын және туған жерімді жазған. Бұл өте маңызды әрі қауіпті жағдай болды», - деді 27 жастағы спортшы.

Стефанини бірден WTA ұйымына жүгінген соң турнир ұйымдастырушылары оның қауіпсіздігін күшейтіп, қосымша күзет бөлген.

«Барлығы жедел әрекет етіп, маған қолдау көрсетті. Бірақ спорт пен теннистің осындай адамдардың кесірінен былғанатынына сене алмаймын. Өзімді қауіпсіз сезінбей, кортқа шығуға тура келді», - деді ол.

Дүйсенбі күні Стефанини іріктеу жартылай финалында Андорра өкілі Виктория Хименес Касинцеваға 6:4, 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді.

Айта кететін дайт, теннисші WTA рейтингіндегі 2023 жылы 99-орынға дейін көтерілген. Ал Индиан-Уэллс турнирі 15 наурызға дейін жалғасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам