1/8 финалда ол Ұлыбритания өкілі Сонай Карталмен кездесті
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты.
1/8 финалда ол Ұлыбритания өкілі Сонай Карталмен кездесті. Матч 1 сағат 19 минутқа созылып, Рыбакина 6:4, 4:3 есебімен алда тұрған сәтте қарсыласы кездесуді жалғастырудан бас тартты.
Ойын барысында қазақстандық теннисші алты эйс жасап, бес брейк-пойнттың үшеуін тиімді пайдаланды.
Ширек финалда Рыбакина америкалық Джессика Пегуламен кездеседі. Бұған дейінгі кезеңде ол украиналық Марта Костюкті 6:4, 6:4 есебімен жеңген болатын.