Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Джокович Индиан-Уэллс турнирінде жеңіліп қалды

12.03.2026, 12:21

Ол британиялық Джек Дрейперден жеңілді

Джокович Индиан-Уэллс турнирінде жеңіліп қалды
Getty sport

Сербиялық теннисші Новак Джокович АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан «Мастерс» турнирінің төртінші айналымында есе жіберді. Ол бұл кезеңде турнирдің қазіргі чемпионы, британиялық Джек Дрейперден жеңілді.

Аталған кездесу 1:2 (4:6, 6:4, 7:6 (7:5)) есебімен Дрейпердің пайдасына аяқталды. Әлемдік рейтингте 14-орында тұрған британдық теннисші матчта табандылық танытып, үш сетке созылған тартысты ойында жеңіске жетті. Теннисшілер кортта 2 сағат 35 минут бойы тартысты ойын көрсетті.

Турнирдің ширек финалына жолдама алған Джек Дрейпер келесі кезеңде ресейлік теннисші Даниил Медведевпен кездеседі. Айта кетейік, жүлде қоры 9,4 миллион долларды құрайтын Индиан-Уэллстегі «Мастерс» турнирін Новак Джокович өз мансабында бес рет жеңіп алған. Соңғы рет ол бұл жарыста 2016 жылы чемпион атанған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам