Аламан сәуірде өтеді.
Қазақстан теннис федерациясы әйелдер құрамасының командалық әлем чемпионаты аясында Канадаға қарсы өтетін матчқа қатысатын құрамын жариялады.
Қазақстан мен Канада арасындағы кездесулер 10-11 сәуір күндері Астанада өтеді. Алайда бұл ойындарға Қазақстан құрамасының көшбасшысы, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакинақатыспайды.
Қазақстан құрамасының тізімі мынадай:
• Юлия Путинцева
• Анна Данилина
• Жібек Құламбаева
• Соня Жиенбаева
• Аружан Сағандықова
Ал Канада құрамасы мына теннисшілерден жасақталған:
• Виктория Мбоко
• Марина Стакушич
• Бьянка Андрееску
• Кайла Гросс
• Габи Дабровски
Айта кетейік, бұл кездесу Қазақстан құрамасы үшін маңызды сынақ болмақ. Матчтың нәтижесі командалардың турнирдегі келесі кезеңге өту мүмкіндігіне тікелей әсер етеді.