ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен әлемдік рейтингте жоғарылады

14.04.2026, 18:15

Құрама үздік бестікке бір табан жақындай түсті

Қазақстан әйелдер құрамасы теннистен әлемдік рейтингте жоғарылады
ҚТФ

Қазақстанның әйелдер құрамасы теннистен әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты.

Бұған дейін тоғызыншы сатыда тұрған ұлттық құрама жаңартылған тізімде жетінші орынға көтеріліп, үздік бестікке бір табан жақындай түсті.

Бұл ілгерілеу Билли Джин Кинг кубогы іріктеу кезеңінде Канада құрамасын жеңудің нәтижесінде мүмкін болды. Астанада өткен кездесуде қазақстандық теннисшілер 3:1 есебімен басым түсті. Осы жеңіс командаға 2026 жылдың күзінде Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алуға мүмкіндік берді.

Әлемдік рейтингтің көшін Италия бастап тұр. Екінші орында Ұлыбритания болса, үздік үштікті Украина түйіндеп тұр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам