Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Рыбакина қайда?»: Қазақстандық теннисші көпшілікті алаңдатып қойды

14.04.2026, 18:46

Елена Рыбакина Штутгарт турниріне дайындықты бастады

«Рыбакина қайда?»: Қазақстандық теннисші көпшілікті алаңдатып қойды
Getty Images

Елена Рыбакина Штутгартқа келіп, WTA 500 санатындағы турнирге дайындығын бастады.

Қазақстандық теннисші жарысқа бірінші нөмірмен тіркелген және қазірдің өзінде неміс топырағындағы жаттығуға кірісті. Бұл дода Рыбакина үшін биылғы маусымдағы алғашқы топырақтағы турнир болғандықтан, ол бейімделу үдерісіне ерекше мән беріп отыр.

Бұған дейін жанкүйерлер әлеуметтік желілерде «Рыбакина қайда?» деген сауалды жиі көтеріп, оның турнирге қатысу-қатыспауы қызу талқыға түскен еді. Осыған байланысты The Tennis Letter басылымы оқырмандардың сұранысына жауап беріп, қазақстандық теннисшінің Штутгартқа келгенін растайтын бейнежазба жариялады. Онда Рыбакинаның кортқа шығып, жаттығу өткізген сәті көрсетілген.

Айта кетейік, Елена Рыбакина бұл турнирде 2024 жылы жеңіске жетіп, чемпион атанған.

Биылғы жарыстың жалпы жүлде қоры 1 049 083 АҚШ долларын құрайды. Турнир жеңімпазы 161 310 еуро мен 500 рейтингтік ұпай иеленеді. Финалға шыққан теннисші 99 565 еуро және 325 ұпай алады. Жартылай финалға жеткендерге 57 395 еуро мен 195 ұпай қарастырылған. Ширек финал үшін 30 435 еуро және 108 ұпай беріледі. Ал 1/8 финалға дейін жеткендер 15 690 еуро мен 60 ұпайға ие болады. Бірінші айналымда өнер көрсеткен спортшыларға 11 309 еуро және 1 ұпай бұйырады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам