Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Елена Рыбакина жыл басынан бері 4 миллион доллар табыс тапқан

Бүгін, 11:39

Ең ірі табыс Австралия ашық чемпионатындағы жеңісіне тиесілі

Елена Рыбакина жыл басынан бері 4 миллион доллар табыс тапқан
THOMAS KIENZLE / AFP via Getty Images

Елена Рыбакинаның 2026 жылғы табысы 4 миллион доллардан асты.

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакинаның биылғы маусымдағы жарыстардан тапқан сыйақысы белгілі болды.

Ең ірі табыс Австралия ашық чемпионатындағы жеңісіне тиесілі - 2 739 365 доллар. Сондай-ақ Индиан-Уэллс турнирінде финалға дейін жетіп, 612 340 доллар иеленді. Майамидегі жарыста жартылай финалға дейін жетіп, 340 190 доллар тапты.

Басқа турнирлердегі көрсеткіштері мынадай:
Штутгарт (жеңімпаз) - 190 143 доллар,
Доха (ширек финал) - 98 500 доллар,
Дубай (1/8 финал) - 49 250 доллар,
Брисбен (ширек финал) - 37 640 доллар.

Осылайша, Елена Рыбакинаның 2026 жылғы жалпы табысы қазіргі таңда 4 067 428 долларды құрап отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам