Оның айтуынша, Ресейде тенниске бөлінетін қаржы жеткіліксіз
Белгілі тележүргізуші, журналист және спорт комментаторы Владимир Познер Ресей теннисіндегі мәселелерге тоқталып, Елена Рыбакинаның Қазақстан туы астына өтуіне қатысты пікір білдірді.
Оның айтуынша, Ресейде тенниске бөлінетін қаржы жеткіліксіз, ал бұл өз кезегінде мықты ойыншылардың өзге елдерді таңдауының басты себептерінің бірі.
«Ресейде тенниске өте аз қаржы салынады. Бір кездері еліміздің әлемдік теннис державасына айналуына барлық мүмкіндік болды. Ерлер мен әйелдер арасында да мықты спортшылар жетерлік еді. Қазір ше? Ерлер арасында бұрынғы есімдер ғана қалды: Медведев, мансабының шыңы өткен, Рублев пен Хачанов.
Әйелдер арасында ойыншылар көбірек болғанымен, Рыбакина секілді теннисшілердің Қазақстанға ауысуы - алаңдатарлық белгі. Жалғыз Елена емес, басқа да спортшылар түрлі ұлттық құрамаларға кетіп жатыр. Кез келген адам өзіне тиімді, жағдайы жақсы, қаржысы мол жерді таңдайды. Қазақстанның Ресейден тартымды болғаны, әрине, өкінішті. Мұнда Рыбакинаның кінәсі жоқ, мәселе - біздің жүйеде», - деді Познер.
Айта кетейік, Елена Рыбакина бүгінде әлемнің екінші ракеткасы саналады және «Үлкен дулыға» санатындағы екі турнирдің жеңімпазы.