Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Үстел теннисінен Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

21.02.2024, 11:40

Бұрын-соңды ұлттық құрама мұндай жетістікке жетпеген

Үстел теннисінен Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты
olympic.kz

Қазақстанның үстел теннисшілері Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жатыр деп хабарлады 24.kz.

Отандық спортшылар плей-офф кезеңіне шығып, жарыс сенсациясын жасаған. Финалдық кезеңге шыққан 24 команданың қатарында Қазақстан теннисшілері енді жүлделі орындарға таласады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы соңғы турда АҚШ-ты 3:1 есебімен жеңіп, топтан екінші орынмен шықты. Команда капитаны Кирилл Герасименко болса 7 ойынның жетеуінде жеңіп, 100 пайыздық нәтиже көрсетті.

Бүгін ұлттық құрама Үндістанмен кездесіп, 1/8 финалдың жолдамасын сарапқа салады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам