Оның келесі қарсыласы – италиялық Жасмин Паолини
Әлемнің төртінші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина Дубайда өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты деп хабарлайды 1bol.kz.
1/8 финалда қазақстандық теннисші польшалық Магдалена Френхпен кездескен. Бірінші сетте Рыбакина қателесіп, қарсыласының брейк жасауына мүмкіндік берді. Алайда, соңына қарай есепті теңестіріп, бірінші кезеңді 7:6 есебімен жеңіп шықты. Екінші сетте 3:6 есебімен жеңілсе, үшіншіде 6:4 есебімен басым түсіп, матчты өз пайдасына шешті.
Ширек финалда Рыбакина әлемнің 26-ракеткасы италиялық Жасмин Паолинимен кортқа шығады.